Ақтөбеде банк қызметкері 777 млн теңгені жымқырды 

2388
Adyrna.kz Telegram

 Акционерлік қоғамның есеп шотынан 777 млн теңгені ұрлаған Ақтөбелік банк қызметкеріне қатысты қылымыстық іс қозалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үлкен сомадағы қаржыны қаймықпастан алған менеджерге алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Ақтөбе қалалық №2 сотында өткен отырыста сотталушы кінәсін толық мойындамай,  келтірілген залал мөлшерімен келіспеді.

Алайда оның кінәсі анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Сонымен қатар алдағы 10 жылда банк саласында қызмет ету құқығынан айырылды.  Айта кетейік, әлі сот шешімі күшіне енбеді.

 

Пікірлер