Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

4720
Adyrna.kz Telegram
Фото: foodandhealth.ru
Фото: foodandhealth.ru

Қазақстанда 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін бидай мен меслинді, бидай мен қара бидай ұнын шығаруға квоталар енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне бидай мен меслинді әкетуге сандық шектеулер 550 000 тонна мөлшерінде, бидай және қара бидай ұны-370 000 тонна мөлшерінде белгіленді.

Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Бұл тауарларды әкетуге сандық шектеулер елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

"Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан мен ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетілуге жатады", - деп хабарлады комитеттегілер.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер