«Ауыл» партиясы референдум туралы дөңгелек үстел отырысын өткізді

2566
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Ауыл» халықтықдемократиялық патриоттық партиясы «Референдум ауқымды реформалардың бастауы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кездесуді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл»ХДПП Төрағасы Әли Бектаев құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараға аграрлық ғылым өкілдері: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөпөндірісі ҒЗИ» ЖШС, «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС, «АӨК және ААД экономикасы ҚазҒЗИ» ЖШС, «Қазақегіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ»ЖШС, «У.Успанов атындағы Топырақтану жәнеагрохимия Қазақ ғылыми-зерттеу институты»ЖШС және басқа да ғылыми мекемелердіңбасшылары мен қызметкерлері қатысты.

Әли Әбдікәрімұлы өз сөзінде ауылшаруашылығы бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігінежауап беретін экономиканың өмірлік маңыздысалаларының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Еліміздің аграрлық секторы бүгінде 5000-нан астам адам еңбек ететін 38 ғылыми, ғылыми-өндірістік, сервистік және білім беру ұйымдарынқұрайды. Бұл – ауылшаруашылық тауарөндірушілерімен тығыз байланыста жұмысжасайтын адамдардың үлкен кластері. Ғылымиинтеллигенция әрқашан инновациялық идеялардыңқозғаушы күші болып келеді. Ғалымдардың елде болып жатқан оқиғаларға ерекше призма арқылықарайтыны құпия емес. Сондықтан ел үшіносындай елеулі оқиғаны өткізуде жетекші ғалым-аграршылардың қолдауы аса маңызды. Мемлекетбасшысы Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттің негізгізаңына түзетулер енгізу туралы шешімінің дер кезінде қолға алынғанын және өзектілігін атапөткіміз келеді», - деді ол.

Сондай-ақ, Әли Бектаев қатысушыларға елдіңНегізгі Заңына енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, фермерлер үшін референдумға да, мемлекетөміріне де белсенді қатысудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде, ғылымизиялы қауым өкілдері референдум өткізуді, сондай-ақ ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуқажеттігін бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, олар аграрлық ғылымның қазіргі кездегіқиыншылықтары туралы айтып, ғылымдыдамытуға бөлінетін қаражаттың жетіспеуіне тоқталды.

“Құрылған сәтінен бастап «Ауыл» партиясынәр азамат үшін күн сайынғы және өзекті мәселе: тұрақты табыс, сапалы медициналық қызметкөрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құқықтармен бостандықтарды қорғау және жеке қауіпсіздіктіқамтамасыз ету жәйі үнемі алаңдатады”, – деді өзсөзінде Ұлттық академияның академигі, профессор, «Ауыл» партиясының мүшесі Сейтқазы Кешуов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Конституциясына енгізу жоспарланған барлық толықтырулар мен түзетулерді оң қабылдады.

«Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам», – деп түйіндеді Әли Бектаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер