Бельгия маймыл шешек ауруына байланысты міндетті карантин енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Бұл осы дертке байланысты карантин енгізген алғашқы ел. Карантин 22 мамыр күні енгізілді. Ол 21 күнге созылады деп болжанған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы аптады сегіз еуропалық елде - Бельгия, Франция, Германия, Италия, Португалия, Испания, Швеция мен Біріккен корольдікте маймыл шешегінің жағдайлары тіркелді.
Еуропалық өңірден тыс жерде дерт Австрия, Канада мен Құрама штаттарында анықталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі күні маймыл шешегінің 92 жағдайы тіркелген. Тағы 28 адам карантинге жатқызылды.
"Адырна" ұлттық порталы