Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу уақытын ұзартты

2697
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Энергетика министрлігі Қазақстаннан мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр. Тұрғындармен кездесуінде басқарма басшысы Болат Ақшолақов осылай деді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Біз Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салуды тағы алты айға ұзартқымыз келеді», - деді министр.

Бұл тыйым осы жылдың соңына дейін созылуы мүмкін. Ал 2023 жылдан бастап ел бұл тәжірибеден бас тартады.

«Нарықтың жекелеген қатысушылары мұны теріс пайдаланбауы үшін дұрыс нарықтық қатынастарды құруымыз керек», - деп қосты Ақшолақов.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанда КҚК-ға толыққанды балама мұнай экспорттау жолдары жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер