Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

2980
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының соты Гүлмира Сатыбалдының қамауға алу мерзімін бір айға ұзарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді. Соттың хабарлауынша, бүгін, 13 мамырда шығарылған шешімге сәйкес, Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай қамауда болады.

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Сатыбалды 17 наурызда ұсталған болатын. Келесі күні оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалданың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Оның қамауға алу мерзімі 18 мамырда аяқталуы керек еді. Сәуірдің 1-і күні Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Бәйімбетов Гүлмира Сатыбалды ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.

Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталған.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер