Ұшақ апатының салдарын тергеуге Түркия да қатыспақ

270
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы Әзербайжан әуе жолдары ұшағының апатына қатысты тергеуге түркиялық мамандар қатысатыны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді.

Министрдің мәлімдемесінше, тергеу комиссиясы Әзербайжан мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің сұранысы бойынша құрылды.

"Техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Оқиғаның барлық мән-жайын зерттеу үшін құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс істейміз", – деді Түркия министрі.

Абдулкадир Уралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанып, 28 желтоқсаннан жұмысқа кірісетінін айтты.

"Түркия кез келген жағдайда Әзербайжанды қолдайды", – деді министр

Пікірлер