Қайрат Нұртас ісіне қатысты сот шешімін өзгертуге тырысты

1279
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды. Сот шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

"Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", - деп жазылған мәліметте.

Алайда сот мәліметінше, қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалған.

Айта кетсек, әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жығып, ұсталған еді.

Пікірлер