Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді

1479
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/01pk
Фото: instagram/01pk

Biz Birgemiz қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да қызымен бірге күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты.

Тергеу органдарының мәліметінше, анасы қызына қайырымдылық қоры арқылы жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен.

Бұған дейін «Курсив» басылымы Перизаттың әлеуметтік желілерде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазғанын хабарлаған. Алайда, тергеу деректеріне сәйкес, анасының атында етке байланысты компания тіркелмеген.

Ұлысмедиа агенттігі бұл ақпарат бойынша Қаржы мониторингіне жолдаған сауалдарына «біз бұл ақпаратты ресми түрде берген жоқпыз» деген жауап алғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде халықты көмекке шақырып, қаржы жинаған Перизат Қайрат "қаржы жымқырды" деген күдікке ілінген еді. Қаржылық мониторинг агентігі Перизат Қайратты 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

16 қараша күні Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі Перизат Қайраттың екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. Кейіннен Қаржылық мониторинг агенттігі  Перизат Қайратқа қатысты тергеу барысында тәркіленген дүние-мүлік туралы ақпараттарды жария етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер