Елеулі
14.06.2025
Жаңалықтар
Ажал терезесі. Керекуде екінші қабаттан құлаған сәбиге қауіп жоғы айтылды
Павлодар қаласында бір жасар сәби екінші қабаттағы терезеден құлап, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Павлодар облысындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, оқиға салдарынан сәбидің денесінен сырылған жаралар мен көгерулер анықталған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Баланың өміріне тікелей қауіп жоқ. Сәуір айынан бері облыс бойынша балалардың терезеден құл..
14.06.2025
Жаңалықтар
Қазақстанда пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салынды
Сенат пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Сенатор Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, құжаттың мақсаты – үлестік құрылысты мемлекеттік тұрғы..
14.06.2025
Жаңалықтар
Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс. Қазақстан аспанын жапты
Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге қарсы «Шынайы уәде-3» деп аталатын әскери операциясын бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА-ға сілтеп. Иран тарапы бұл әрекетті Израильдің агрессиясына жауап ретінде жасағанын мәлімдеді. «Иран халқының қорғаныс күші ретінде, Алланың құдіретіне және Жоғарғы Бас Қолбасшының дана басшылығына сүйеніп, «Шынайы уәде-3» операциясы басталды», – делінген хабарламада. Операция барысында Иран Изр..
13.06.2025
Елеулі
Қызметінен кеткен 5 күнде де Жақсылықовтың жақсы аты шықпады
Жексенбі күні жұрт демалып жатқанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министі Руслан Жақсылықовты аяқ астынан қызметтен босатып, орнына оның орынбасары болған Дәурен Қосановты тағайындады. Бір қызығы көпшіліктің назары жаңадан тағайындалған министрге емес, экс-министрге ауды. Руслан Жақсылықовтың аяқ астынан жексенбі күні қызметінен алынуының астарында не жатыр және ол қандай іс-әрекетімен есте қалды? Мәжіліс депутаттары өз ойын ортаға салды..
13.06.2025
Жаңалықтар
Қазақстан Израильде шұғыл байланыс желілерін ашты
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Израильде шұғыл байланыс желілерін ашты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израиль аумағында жүрген барлық Қазақстан азаматтарына Тыл басқармасының нұсқауларын қатаң сақтауды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қырағылық пен сақтық танытуды, соңғы жаңалықтарды бақылап отыруды және Қазақстан елшілігімен..
12.06.2025
Жаңалықтар
Батыстағы бес баланың қазасы. Қайғылы оқиғаның болжамды себебі айтылды
Батыс Қазақстан облысында бір отбасындағы бес баланың өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында мәлім етті. Вице-министрдің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге кетіп, балаларды үйге сыртынан жауып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың ойынынан шыққан. "Алдын ала себ..
12.06.2025
Жаңалықтар
"Салық түссе болды". Қаржы вице-министрі тойға билет сатуды қолдады
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көру үшін халықтан ақы алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Вице-министрдің айтуынша, егер шоу-бизнес өкілдері осындай форматта табыс тапса, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салық төлеуі тиіс. "Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Шоу-бизнес өкілдері осылай табыс тапса, міндетті түрде салық тө..
Тағы жүктеу