Сот Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

1662
Adyrna.kz Telegram

Сот алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Апелляциялық шағымда Бишімбаевтың ісін судьялар Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұхановадан тұратын сот алқасы қарады.

Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева айтады.

«Судьялар алқасы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады, ол қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді», - деді судья.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 26 маусымда Астанада Бишімбаев пен Байжановтың үкіміне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Онда Бишімбаев және оның адвокаттары үкімге қарсы шыққан болатын.

Пікірлер