Бір жылдан соң. 13 адам қаза тапқан хостел ісіне қатысты сот басталды

802
Adyrna.kz Telegram
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Алматыдағы 13 адам қаза тапқан хостел ісіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Іс бойынша екі адам сотталып жатыр. Бірі – хостелдің иесі Әділбек Мұхамедияров, екіншісі – өртке қарсы жүйені орнатқан Александр Пекельник.

Әділбек Мұхамедияровтың адвокаты тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Себебі меншік иесі жалға алушы Әділбек Мұхамедияровқа ғимаратты хостел ретінде берген. Ал шын мәнінде ғимарат дүкенге арналған. Сондай-ақ адвокат өрт болардан аз уақыт бұрын хостелде бөгде адам болғанын, хостелді әдейі өртеген болуы мүмкін екенін айтты.

Екінші сотталушы Александр Пекельник те өзіне тағылған айыппен келіспейді. Оның адвокаты өртке қарсы жүйенің хостел пайда болардан әлдеқайда көп уақыт бұрын жүргізгенін айтады.

Пекельниктің хостелге еш қатысы жоқ. Ол қылмыс субъектісі емес. Өртке қарсы жүйені орнатқан кезде Пекельник ғимараттың хостел ретінде пайдаланылатынын білген жоқ, – деді адвокат.

Қайтыс болған 13 адамның туыстары жәбірленуші ретінде танылған.

Еске салайық, Almaty Hostel 2023 жылдың 30 қарашасында өртенген болатын. Хостел өрт болардан бір жарым ай бұрын ашылған.

Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетел азаматы.

Пікірлер