Сұхбат
29.01.2024
Тарих
«Шетел қазақтары Қазақстанда қазақилықтың гүлденгенін, қазақ тілінің үстемдігін көргісі келеді»
Бүгінде әлемнің әр бұрышында қазақ диаспорасы шоғырланып қоныстанған мекендер көптеп кездеседі. Мюнхенді мекендеген бір топ қазақтың өмірі зерттеу жұмысына арқау болды. Жас зерттеуші оны жалғастыруға ынталы. Анкарада білім алып жүрген қазақ қызы Еуропадағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын зерттеп, магистрлік диссертациясын қорғаған. Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің магистрі Асылай Имағамбетова бұл жұмысын халықаралық қатынастар мамандығы ..
05.01.2024
Саясат
"Назарбаев ескерткішіне түкіргеннен де зорын жасадық" деді адамдар – Сандуғаш Дүйсенова
Қаңтар оқиғасында Талықорғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші құлатылып, қайтадан орнына қойылған жоқ. Оқиға тұсында және одан кейін де осы сурет әлеуметтік желі мен ақпараттық ресурстарға кең тарады. Аdyrna.kz отыз жыл бойы елді басқарған қайраткердің құлаған  ескерткішін суретке түсірген журналист Сандуғаш Дүйсеноваға хабарласып, оқиғаның жай-жапсарын сұрады. Бүгін 5 қаңтарда Қазақ елі тарихындағы ең ауыр трагедия, 238 адам қаз..
03.01.2024
Қоғам
Тәліптер уәлаятында. Ауған қазағының оралуына кедергі – статусы
Ауған қазақтарының өмірін зерттеп жүрген тарихшы оларды елге әкелудегі басты кедергі «қазақтығын білмеуі» екенін айтады. «Адырна» тілшісі Жомарт Жеңісұлынан Ауғанстанға сапар жайында сұхбаттасты. 2023 жылдың соңында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Талибан ұйымы туралы мәлімдеме жасады. 29 желтоқсанда министрлік Талибанның тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылданғанын жария етті. Әлемнің көптеген елінде тыйым салынып келген..
28.12.2023
Қоғам
«Бренд қалыптастырып, отандық өнімді әлемге таныту – біздің мақсат» - кәсіпкер
Жергілікті өнім шығару – бір мәселе, оны тұтынушының талабына сай жеткізу – тағы бір мәселе. Ондайда баға белгілеудің де өз талаптары бар.  Кез келген сауда үйіндегі дүкен сөрелеріне назар салсаңыз сырттан келген тауарлар қаптап тұр. Киім-кешек, аяқ-киім, азық-түлік, үйге қажетті тауарлардың көбі көршілес  Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен келетіні жасырын емес.  Дегенмен, «Қазақстанда жасалған» белгісімен тұрған тауарлар да аз емес. ..
27.12.2023
Сұхбат
«Ресей өзі менсінбеген елдерден көмек сұрап жүр» - Әскери сарапшы
Әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов "Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасына сұхбат берді. Отставкадағы полковник, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов қазір әлемде болып жатқан соғыстар және оның Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін деген мәселені талдады. Ол әскери салада Қазақстан шындап, тырысса, Ресей мен Қытайды басып озатын әлеуетке ие деп есептейтінін айтты. Сарапшы қазіргі соғыстардың астары, себеп, салдары және Қазақстан одан қандай сабақ..
25.12.2023
Қоғам
40 ел мен 400 ауылды көрген турист. «Ауылдағы ойлау қабілетін өзгерту керек»
Өзге ел, басқа мәдениет, түрлі адамдарды көру әр саяхатшының негізгі мақсаты. Дегенмен, туған елінің тұс-тұстағы ауылын аралап, талай мәселені қозғап жүрген саяхатшы туралы естіп пе едіңіз?  Қазақ ауылдарының жағдайымен танысып, екі тілде видео түсіріп, YouTube желісіне жариялайтын блогер, ауыл туризміне ат салысып жүрген саяхатшы Ұлан Әлімбекпен “Адырна” тілшісі сұхбаттасты. «АУЫЛДАРДЫ АРАЛАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ» – Ауыл аралайтын саяхатшы ретінде бел..
16.12.2023
Қоғам
«Тәуелсіздік алаңында адамдар қаза тапты». Журналист көрген Жаңаөзен оқиғасы
2011 жылы 16желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар ереуілге шыққан. Сол күні алаңға әділдікті талап етіп шыққандарға полиция оқ атып, көп адам ауыр жарақат алған болатын. Оқиғаны өз көзімен көріп, ақпарат таратқан журналистердің бірі Өркен Жоямергенмен «Адырна» тілшісі сұхбаттасты. - Ақтауға алғаш барған уақытыңызды айтып берсеңіз. - Мен ол кезде Стан бейнепорталында болатынмын. Оқиғадан бір жыл бұрын мені осы бейнепорталға шығарушы редакто..
Тағы жүктеу