"Қазақмыс" кеншілерге қысымды жоққа шығарды

160
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

«Қазақмыс» корпорациясы шахтерлердің күш құрылымдарынан қысым көргені туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарында жағдай тұрақты. Кейбір мәлімдемелерге қарамастан, компанияның басшылығы мен құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай қысым көрсетілмеді. Жезқазған мыс қорыту зауыты, Жайсан, Шатыркүл, Саяқ кен орындары, сондай-ақ Жыланды, Жомарт, Батыс және Шығыс кен орындарындағы бұрғылау бригадаларының жұмысы қайтадан басталды», - делінген «Қазақмыс» корпорациясының жұма күнгі мәлімдемесінде.

Корпорация жағдайды тез арада шешуге мүдделі екенін алға тартады.

«Бұған дейін корпорация 13-ші айлық жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу және тоқсан сайынғы сыйақы шарттарын орындағанын растады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 8,5%-ға индексациялау ұсынысы күшінде қалатынын айтты. Қызметкерлердің жалақысы негізгі және сыйақы бөліктерінен тұрады. Сыйақылар өндірістік жоспардың орындалуына қарамастан төленеді. Осыған байланысты қазіргі таңда орташа жалақы 730 431 теңгенң құрайды. Бұл Қазақстандағы орташа жалақыдан екі есе жоғары», - деп мәлімдеді компания.

«Қазақмыс» корпорациясы 40 мыңға жуық қызметкердің ұсынылған шарттарды қолдағанын, ал 65 шахта қызметкерлерінің ғана қарсы екенін айтты.

«Қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, жұмыс жалғасып жатқан немесе қайта басталған нысандарда 13-ші жалақыға үстемеақы толығымен төленді. Сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы кеніштердегі жұмысшыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді жалғастыруда және жағдайды мүмкіндігінше тезірек шешу үшін сындарлы диалогқа ұмтылатынын растайды», - делінген хабарламада.

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы бір шахтаға полиция қызметкерлерінің келгені туралы тараған бейнемазмұндарға түсініктеме бермеді.

Еске салсақ, «Қазақмыс» корпорациясының 200-ге жуық жұмысшысы Сәтпаев қаласында 17 желтоқсанда ереуіл бастады. 19 желтоқсан түнінде «Қазақмыс» шахтерлардың жалақысын 100%-ға көтеруге ниетті емес екенін, ал ереуілшілер қысым көрсетілгенін мәлімдеді. 20 желтоқсан таңертең «Қазақмыс» Жамбыл облысындағы кенішпен келісімге келгенін хабарласа, күннің екінші жартысында Ұлытау облысындағы бір шахтаға «Қазақмыс» корпорациясының қара киім киген полиция қызметкерлері енгізілгені туралы хабарлар тарады. Соған байланысты шахтерлер Президентке үндеу жасап, қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

 

Пікірлер