кино
19.02.2025
Шығармашылық
Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция) жеңіспен аяқтады.
Туынды Jury Grand Prize (Қазылар алқасының бас жүлдесі), Critical Jury Prize (Киносыншылар алқасының жүлдесі) және NETPAC Jury Prize (NETPAC қазылар алқасының жүлдесі) марапаттарына ие болды.
Көрермендер мен қазылар алқасы Елзат Ескендірдің дебюттік фильмін жоғары бағалады.
“Әбіл” фильмі - Совет Одағы құлап, колхоз-совхоз ..
04.12.2024
Шығармашылық
«Веном. Соңғы би» және «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильміне дубляж жасаған актерлер осы саланың қыр-сыры жайында айтады.
Жақында ғана үлкен экранға жол тартқан «Моана 2» анимациялық фильмі қазақстандық кассалар кестесінде бірінші орында тұр. Оның қазақша нұсқасының кассалық үлесі 31 миллионнан асқан. Бұл дегеніміз, қазақша дыбысталған туындыларға сұраныстың көбейгенін байқатады.
Осыған байланысты шет елдік туындыларды қазақша сөйлеткен д..
22.11.2024
Шығармашылық
Испанияның Бильбао қаласында Netflix платформасы үшін Сталин дәуіріндегі ең ірі лагерьлердің бірі ҚарЛАГ туралы ауқымды қазақ-испан фильмінің түсірілімі басталды. Шартты түрде «Татуласу» (La Tregua) деп аталатын жоба Netflix-пен эксклюзивті келісім-шарт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл оның жоғары деңгейі мен халықаралық маңыздылығын көрсетеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Жобаны «Money Heist» сериалының арқасында әлемге ..
02.11.2024
Көкейкесті
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы – қазақ киноөнерінің қара шаңырағы, қазақ мәдениеті мен тамыры терең тарихтың дәлелі. Алайда, киелі шаңырақта соңғы жылдары түрлі қиындықтар болып, шешімін таппаған мәселелер қордаланған. Бұл киностудияның қазіргі күйі, тіпті, отандық кино саласының беделіне нұқсан келтіруде.
Бүгін, 2 қарашада киногерлер мен кино ардагерлері бас қосып, қара шаңырақтағы мәселені билікке естіртуге тырысты.
Жылдар бо..
16.10.2024
Шығармашылық
Таяуда прокатқа шығарылған «Қажымұқан» фильмін түсірген топ жетекшісі картинаның қалай әзірленіп, түсірілгені және қиындықтары жайында ой бөлісті.
"Қажымұқан" фильмі – Қанағат Мұстафиннің тарихи-өмірбаяндық кинотуындысы. Бұл фильм қазақ халқының атақты балуаны, әлемге танымал спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерліктеріне арналған.
Қажымұқан – қазақ халқының спорттық және ұлттық қаһарманы, классикалық күрестен әлем чемпионы болған тұлға...
02.10.2024
Жаңалықтар
Денсаулық ерекшеліктері бар балалар туралы қазақстандық фильм Калифорниядағы қысқа метражды фильмдер фестивалінде марапатқа ие болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Деректі жобаның атауы – «Шектеусіз үміт» (Endless Hope). Картина продюсер Данияр Уалиевтің жетекшілігімен жасалған. Фильм «Үздік деректі қысқаметражды фильм» және «Балалар мүгедектігі мәселесін қамтитын үздік фильм» деген екі марапатқа ие болды.
Фильмде бес отбасының өмірі ту..
27.09.2024
Шығармашылық
Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі "Үздік шетелдік фильм" номинациясында "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Фильм сәби кезінен әжесінің қолында тәрбиеленген баланың өмірін баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың күзінде Сан-Себастьяндағы (Испания) беделді кинофестивальде өтті.
Сол жылы "Бауырына салу" фильмі "Үздік жастар фильмі" аталымында "Азиялық Оскар" сыйлығын а..
Тағы жүктеу
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз