Екінші үкім. Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

1113
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды - 12 жылға, Мәди Батыршаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша айып тағылды: адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау.

Оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты да заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптады. Сотта прокурор Сатыбалды 13 жыл, ал Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушылар мен олардың адвокаттары соттан оларды ақтауды сұрады. Сатыбалды орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл жазасын өтейді. Оның көмекшісі - Батыршаевқа тоғыз жыл берілді.

Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленуші Ж.-ның пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығын, сонымен қатар 10 млн теңге моральдық шығын, сотталған Батыршаевтан 2 млн теңгені өндірді.

Айта кетсек, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 28-бабы, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот үкімі 4 мамырда шыққан.

Пікірлер