Ақша бопсалаумен айналысқан анонимді Telegram арнаның әкімшілері қамауға алынды

831
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Бас прокуратура бопсалаумен айналысқан анонимді QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілерінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Топ 8 желтоқсан күні ұсталған.

"Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК-ІІМ-нің ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы және ҚМА-ның мамандандырылған бөлімшесі Астана мен Қарағанды қалаларында QirSabyn Telegram-арнасында жалған ақпаратты жариялаймыз деп қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан топты ұстады", – делінген хабарламада.

Тергеушілердің  ірі көлемдегі ақша, техника және өзге де айғақ заттарды тәркілегені хабарланды.

"Telegram-арнаның әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел шаралар жүргізілуде. Тергеу барысында өзге ақпарат жарияланбайды", – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

QirSabyn Telegram-арнасына қатысты адамдардың ұсталғаны туралы қауесет 19 желтоқсанда тараған. Ресми түрде растау тек бүгін келіп түсті.

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, іс ірі құрылыс компаниясының иесі және жоғары лауазымды шенді адамның ұлының арызынан кейін басталған.

QirSabyn – саясаткерлер, блогерлер және Қазақстандағы танымал адамдардың жеке мәліметтерін жариялайтын анонимді Telegram-арна. Арнаға 110 000-нан астам жазылушы тіркелген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Продукт, который восстанавливает суставы на 100: Это обычный
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи поражены! Вся боль из колен и суставов спадает уже к утру
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Эта штука излечивает суставы в любом возрасте. Пишите рецепт:
Пікірлер