Дулат Исабеков: Өмірімде екі қыздың обалына қалдым, бір жолығып аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін

2269
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков – қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы. 1980 жылдары жазған прозалық шығармалары әлі де қолдан-қолға түспей оқылады.

Прозадан драматургияға ойысқанына да біраз жылдың жүзі болды. Пьесасы Лондон сахнасында қойылып, былтыр бір желпіндік. Qamshy.kz тілшісі қаламгермен әңгімелесіп қайтты. Бұл сұхбатта жазушы постмодернизм өкілдерін сойып салды. Өзінің махаббат хикаясын да жасырмай айтып берді.

– Ал өзіңізде некемен өлшенбейтін махаббат болды ма?

– Болды ғой, неге болмасын?! Мен әдебиетке ерте араластым. Мектеп оқып жүргенде кітабы шыққан жігітті кім жақсы көрмейді? Ақшам да бар. Мен киноға да ерте араластым. Сол кезде талай оқиғалар болды.

– Жиі ғашық болдыңыз ғой демек?

– Ғашық болуын болдым. Ішінде ерекшелері де болды.

– Сол ерекше қыздар есіңізде ме?

– Ойымнан әлі де болса шықпайтын екі қыз бар. Обал жасадым деп ойлап жүремін. Әйеліме үйленетін кезде кенеттен еш ескертпестен өзгеге ауып кете салдым ол қыздан. Бұйрық деген сол шығар… Мен бесінші, ол төртінші курста. Ол қыз Француз кафедрасында оқушы еді. Қатты жылағаны әлі көз алдымда. Үйде суреті бар. Аман болса, бір жолығып, аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін. Сенің обалыңа қалдым, менен қателік кетті деп айтқым келді. Екіншісі Алматыда. Кино саласында жүр қазір. Ара-тұра кездесіп қаламыз.


stan.kz

Пікірлер