Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мектеп әкімшілігі қайғылы оқиғаның сабақтан тыс уақытта болғанын алға тартып отыр.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, сол күні білім ордасында Гарри Поттер стиліндегі тематикалық шара болып, жеткіншек сабаққа белдемше киіп келген. Кейін кураторы оны күштеп психологқа апарған.
Бейресми деректерге сүйенсек, 8-сынып оқушысы суицидке маманмен болған әңгімелесуден кейін барған. Алайда НЗМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады.
Ал бүгін аталған мектептің оқушылары наразылық акциясын ұйымдастырып, сексизмге қарсы екендерін жеткізген. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
< Айта кетейік, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Адырна» ұлттық порталы