Нұр-Сұлтанда «Халің қалай, түлек?» байқауы мен ашық есік күні өтті

2373
Adyrna.kz Telegram

«Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен,Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының ұйымдастыруымен «Интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдауға арналған іс-шаралар кешені» жобасы аясында, «Халің қалай, түлек?» байқауы аясында ашық күні өтті.

Қай кезде де балалар үйінің, интернат түлектерінің қоғамға тез бейімделіп кетуі - күрделі мәселе. Сол үшін қоғамның күн сайын өзгеретін шарттарына балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделгендігін зерделеу, талдаулар жасау - бүгінгі жүргізіліп отырған бейімдеу әдістерінің өміршең екендігін не тиімсіздігін көрсететін басты негіз болып табылады. Осы орайда, «Халің қалай, түлек?» атты байқаудың мақсаты –  балалар үйінің түлектерін іздеу, байланыс орнату арқылы олардың қоғамға, мемлекетке қажет екендігін ұғындыру,интернаттан кейінгі, балалар үйінің түлектерінің әлеуметтік хал-жағдайына сараптама жасау. Бүгінгі таңдағы жағдайын талдау арқылы қажеттіліктерін, мұң-мұқтажын білу, балалар үйі түлектеріне қолдау көрсету.

балалар үйі түлектерінің өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аударту;

балалар үйі түлектерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-шараларды  қолдау, ынталандыру;

балалар үйі түлектерімен байланыс жасау дәстүрін үнемі дамытып отыру;

балалар үйі түлектерімен қарым-қатынас орнату әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру.

Байқауға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Кәсіптік-техникалық колледжі" КММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ, «SOS Астана балалар ауылы» жеке білім беру мекемесі.

Байқау комиссиясы іс-шараның ұйымдастырушысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы филиалымен бекітілген.

І-кезең. 2021 жылдың 17 қыркүйегімен 10 қазаны аралығында аталған байқауға қатысушы мекемелер 2011-2021 жылдар аралығында өздерінің қабырғаларынан түлек болып шыққан азаматтар мен азаматшаларды тауып, байланыс орнатып, түлектердің әлеуметтік портретін анықтауға арналған сауалнама жүргізулері қажет. Алынған  сауалнама  байқаудың екінші кезеңінде Байқау комиссиясына табысталады.

ІІ-кезең. 2021 жылдың 11 қазаны мен 14 қазаны аралығында байқауға қатысушы мекемелер балалар үйі түлектері ішіндегі көшбасшыларын қатыстыра отырып, ашық есік күнін өткізулері керек.Ашық есік күніне байқау комиссиясын шақыру міндетті болып табылады.

ІІІ-кезең.2021 жылдың 15 қазаны мен 17 қазаны аралығы.

  • Байқау комиссиясының жұмысы;
  • Байқау қорытындысын жариялау;
  • Жеңімпаздарды марапаттау.

Байқау қатысушылары байқаудың барлық кезеңдерінде кеңестік қолдау алаалады.

«Ашық есік күнін» бағалау критерийлері:

  • Мекемелердің байланыс орната алған түлектерінің саны (алынған сауалнама нәтижелеріне сай есептелді);
  • Өткізілген ашық есік күні іс-шарасының мазмұндылығы (балалар үйінің түлектерімен кездесуге арналған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, түлектермен жылы қарым-қатынас орната алуы, жоба аясында «Ашық есік күніне» байқау комиссиясы ретінде кәсіпкерлер, меценаттар қатысатындықтан, түлектердің мұқтаждықтарына, хал-ахуалына назар аударту).
Пікірлер