Алтынай Жорабаева күйеуінен мәһірге су жаңа көлік сұраған

3025
Adyrna.kz Telegram

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан әнші Алтынай Жорабаева өзінен алты жас кіші күйеуінен мәһірге су жаңа көлік сұраған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Express Qazaqstan" сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Неке қиғанда әйелдің мәһірге зәулім үй, қымбат көлік, iphone талап етуі дұрыс па? Елдің алдында жарқырап жүрген жұлдыздардың мәһірге қымбат көлік алып, онысын мақтанып желіге салуы қаншалықты дұрыс? Осы сауалдарға жауап берген Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мешіттің бас имамы танымал адамдардың мәһірге алған дүниесін жарияға жар салып көрсетуі дұрыс емес екенін айтады. Себебі оларға еліктейтін жастар көп.

— Қалыңдықтың зәулім үй, қымбат көлік сұрауы дұрыс емес. Осындай талаптың салдарынан жастар бірін-бірі түсінбей ажырасып кеткендер де жетерлік. Әйелге өзінің әкесі немесе анасы жағынан жақын туыстарына берілгендей мәһір берілуі керек,— дейді Мейіржан Рахматуллаұлы.

Имамның айтуынша, қалыңдық мәһір сұрағанда болашақ күйеуінің жағдайына қарауы керек. Ол қалыңдығының қалауын сатып әперем деп өзі қарызға батып кетпеуге тиіс.

— Күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады,— дейді бас имам.

Айта кету керек, мәһір — ер адамның қалыңдығына жасайтын сыйлығы. Мәһірдің ең төменгі мөлшері 10 дихрам, яғни 60 мың теңге.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер