Орыс тілін ана тілімен қатар меңгеру қажет - ТОҚАЕВ

6917
Adyrna.kz Telegram

Орыс тілін ана тілмен қатар меңгеру қажет деген пікірді Тоқаев ҚР халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Олар бәсекеге қабілетті болулары қажет. Бұл үшін өзіңнің ана тіліңмен бірге мемлекеттік тілді де – орыс тілін де меңгеру керек. Балалар неғұрлым көп тіл білсе, соғұрлым өздеріне жақсы болады. Біз оларға шектеу қоймағанымыз дұрыс, себебі біз осы арқылы олардың гүлденген болашағына кедергі келтіреміз", - деді президент.

Ол cонымен қатар Білім министрлігіне басқа елдердегі көптілділіктің тәжірибесін зерттеп, оны біздің ұлттық топыраққа алып келуді тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер