Ресейлік белгілі океанолог-ғалым, Астрахан облысындағы Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің басшысы Петр Бухарицин Ресей мен Қазақстан шекарасындағы Укатный аралында жоғалып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы orda.kz сайтына сілтеп.
Ақпаратқа сәйкес, ғалым 19 сәуірден бері із-түзсіз жоғалған. Ол Каспий жағалауының солтүстік бөлігін картаға түсіру экспедициясын басқарып жүрген. 76 жастағы Петр Бухарицин өзгеде зерттеушілермен бірге Укатный аралында болған. Бірақ өзгелер ғалымнан көз жазып қалды.
Іздеуді шекара қызметінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Бүгін, 23 сәуірде «Лиза Алерт» құтқару жасағы іздеуге қосылуды жоспарлап отыр.