“Rain man” Өзбекстанда. Науаи облысына қолдан жаңбыр жауғызбақ

1185
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Науаи облысының Канимех ауданында жасанды жауын-шашынға арналған қондырғылар орнатылды. Бұл туралы Fermer.uz Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өзбекстанда алғаш рет орнатылған бұл жаңбыр шақыру құрылғысы аудан әкімінің (хоким) бастамасымен, яғни Руслан Рузиевтің ұсынысымен жеткізілген. Жоба Қазақстандағы Халықаралық Климаттық Өзгерістер Технологиялары Орталығымен (ICCCT) бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Бұл құрылғы атмосферадағы табиғи процестерге әсер ету арқылы бұлттар мен жаңбыр тудыруға мүмкіндік береді. Технология Өзбекстанда алғаш рет қолданылып отыр, оның басты мақсаты – құрғақшылықпен тиімді күресу және жайылымдардың жағдайын жақсарту», – делінген хабарламада.

Қондырғы мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын су көздеріне тәуелділіктен арылтуға, жайылымдарды жақсартуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі деп күтілуде.

Айта кетсек, 2021 жылдың күзіне қарай Қазақстанда да жасанды жаңбыр шақыру технологиясы енгізіле бастады. «Бұл технологияның негізінде ауаны электрлік иондау әдісі жатыр, яғни ион генераторлары арқылы электрондар таратылады», – деп түсіндірген болатын Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясы.

Бұл құрылғы бар бұлттылықты біртіндеп күшейтіп, жауын-шашын тудыруға мүмкіндік береді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері кемінде 30%-ға артуы тиіс.

Осыған орай бірнеше күн бұрын Өзбекстанға барған өнертапқыш, жасанды жаңбыр жауғызу технологиясының авторы Алтай Айнабек те бұл жобаға атсалысқанын мәлімдеді.

“Науаи облысында 2025 жылдың 20 сәуірінде алғашқы рет іске қосылған біздің технологиямыз жасанды жауын нышан берді. Жақсы белгі. Соңғы жылдары Өзбекстанның қуаңшылықтан зардап шегіп келе жатқан шаруаларына көмекке шақырту алып, жұмыстарымызды бастадық. Құдай сәтін салсын, берекелі жаңбырлар болсын”,– деп жазды ол.

Еске салсақ, былтыр Орталық Азияның суға мұқтаж, тұрғын саны көп елінің бірі Өзбекстанда ауадан ауыз су өндіретін жаңа техника сынақтан өткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер