Ұлыбританияда бір реттік электронды темекі сатуға тыйым салынады

135
Adyrna.kz Telegram

2025 жылдың маусым айынан бастап Ұлыбританияда бір реттік электронды темекілерді сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Guardian-ға сілтеме жасап.

Бұл құрылғылар өрт шығу қаупін арттырады. Деректерге сүйенсек Ұлыбританияда әр секунд сайын 13 бір реттік электронды темекі қоқысқа тасталады.  Бұл көрсеткіш тәулігіне 1 миллионнан асады.

Мамандардың айтуынша, бір реттік құрылғылар құрамындағы батареялар қоқыс тасымалдайтын көліктерде немесе қайта өңдеу орталықтарында өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Мұндай төтенше жағдайлар  2022 жылмен салыстырғанда биыл 71%-ға жиілеген.

Экологтар бір реттік электронды темекілерді зиянды және тиімсіз деп санайды. Олардың құрамында литий мен мыс бар. Бұл ресурстар 10 мыңнан астам автокөлікті қуатпен қамтамасыз ете алар еді. Алайда бұл материалдар қайта өңделмей, қоқысқа тасталуда.

"Вейптерді дұрыс утилизациялау туралы ақпаратты көбейту қажет," – деп санайды ағылшын белсенділері.

Осыған байланысты, 2025 жылдың маусымынан бастап елде тек қайта зарядталатын құрылғылар мен толтырылатын картриджі бар  электронды темекілерді сатуға рұқсат беріледі.

Пікірлер