Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атанды

144
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовке «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын табыс етті.

«Сіз тек облыс төңірегінде ғана емес, бүкіл республикаға және шетелге танымал тұлғасыз. Біз өзіңізді жерлесіміз ретінде мақтан тұтамыз және өзіңізге қарап бой түзедік. Мемлекетке және халық игілігіне сіңірген еңбек жолыңызбен көпке үлгі болып жүре беріңіз»,-деді өңір басшысы өз құттықтауында.

Сондай-ақ жиында облыс әкімі бар ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған бірқатар жерлесімізге ведомстволық марапаттар табыс етті. Атап айтар болсақ, «Мемлекеттік қызмет ардагері» наградасы Валентин Куприяновқа, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі - 40 жылдан астам қаржы саласында қызмет етіп зейнетке шыққан Сайлаукүл Аманжоловаға, Ұлытау ауданының қаржы саласында 27 жылдық тәжірибесі бар, бүгінгі таңда қаржы бөлімін басқарып келе жатқан Тасболат Шайхинге берілді.

Айта кетейік, 2022-2023 жылдары өңірдің айтулы 10 тұлғасына «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы берілген. Комиссия шешімімен биыл Республика күніне арналған салтанатты жиында тағы бес жерлесіміздің есімі ерекше аталған болатын. Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменовтің белгілі себептермен рәсімге қатыса алмауына байланысты бүгін табыс етілді.

Пікірлер