Қазақстандықтардан эвакуациялау туралы өтініш түскен жоқ - СІМ

147
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Украинадағы соғыс қимылдарының өршуіне байланысты жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми өкіл Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға қатысты қазақстандықтардан эвакуациялау турал өтініш болмағанын мәлімдеді.

«Украинадағы елшілігіміз қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлігінде оқиға барысын бақылайтын ахуал орталығы бар. Біздегі деректерге қарағанда, шетелдік дипломатиялық корпус та Киевтегі жұмысын жалғастырып, әзірге өз азаматтарын эвакуацияламайды. Қазақстандықтардан эвакуациялау туралы өтініш түскен жоқ және қазіргі кезеңде арнайы рейстер де жоспарланбаған», - деп мәлімдеді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің мәліметінше, Украина аумағында 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін.

«Елдегі жағдайға байланысты нақты санды атау қиын» делінген түсініктемеде.

Айбек Смадияров бір-екі күн бұрын Қазақстан билігі атқылау жиілігінің артуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарын Украинадан кетуге шақырған еді.

«Қазақстандық дипломаттар отандастар өтініш берген кезде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Қалай болғанда да, біз жағдайдың қалай өршитініне қараймыз», - деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі жолдаған ұсыныста қазақстандықтар Молдова немесе Польша арқылы Украинадан кете алатыны айтылған.

Соңғы бірнеше күнде Украинадағы жағдай күрт ушығып кеткен еді. Бірнеше айлық позициялық қақтығыстардан кейін соғысушы тараптар белсенді зымырандық шабуылдарға көшті. Жексенбі күні Ресей ең үлкен басқыншылық шабуылдарының бірін жасады.

Осыдан кейін АҚШ-тан рұқсат алған Украина ATACMS және Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағына шабуыл жасады. Бір күн бұрын Ресей тағы да Днепрге баллистикалық зымыран ұшырды.

Пікірлер