Жамбылда полиция майоры есірткіні сақтап, сатқаны үшін сотталды

110
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Қазақстанның өзге аймақтарына марихуана сатып келгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық соты хабарлады.

Жамбыл облысының ҚіжМАС-да лауазымды адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен есірткімен күресуі тиіс полиция майоры есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралын заңсыз сатып алған”, делінген облыстық соттың ақпаратында.

Сотталушы М.-ның кінәсі дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен расталса да ол өз кінәсін мойындамаған.

Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған полиция «майоры» арнағы атағынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікірлер