Тағы да әскердегі өлім. Департамент "отбасылық жанжалды" айтып, отбасына көңіл айтты

1550
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен
фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен

Бүгін, 21-қыркүйек күні Петропавлда қорғаныс істері жөніндегі департаментпен келісім-шартқа отырған әскери қызметшінің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі

«Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Петропавл қаласындағы үйлердің бірінің жертөлесінен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әскери қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға орнында отбасылық жанжалдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің басшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтатынын жеткізді.

Пікірлер