Қырғыздар қазақ көкпаршыларын қарымта ойынға шақырды

1237
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстан көкпаршыларын қарымта ойынға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт болғандықтан, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы тиіс. Екі елдің татулығы үшін біз жеке амбициямыздан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады», - деді федерациясы басшысы Рамис Жүнісалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы көкпар ойыны даумен аяқталған еді. Қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Ерлан Әбдіғаппаров жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеп, Қазақстанның күшқұрылымдары тарапынан қысым көргенін айтты. Алайда ҰҚК бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Пікірлер