Үкіметте журналистер Жәния Ұранқаеваның атынан сұрақ қойды

817
Adyrna.kz Telegram

Бүгін үкіметте журналистер желтоқсан айына дейін үкімет үйіне кіруге тыйым салынған Жәния Ұранқаеваның атынан сұрақ қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұйымдастырған баспасөз конференциясында журналистер министрге Жәния Ұранқаеваның атынан сұрақ қойды.

Басты себеп — Жәния Ұранқаеваға желтоқсанға дейін үкімет үйіне кіруге тыйым салынған.

Жәния Ұранқаева үкімет ыңғайсыз сұрақ қоятын журналистерге қысым жасап жатыр деп есептейді.

Еске салсақ, Қазақстан үкіметі 6 қыркүйекте Press.kz басылымының тілшісі Жәния Ұранқаеваға үкімет үйіне кіруге тыйым салған еді. Ол желтоқсан айына дейін Үкіметке кіре алмайды.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұған Ұранқаеваның «нысан ішіндегі режимді және кіру тәртібін бұзуы, бірнеше рет жасалған ескертпелерді елемегені» себеп болғанын айтады.

Сондай-ақт жуырда Қазақстан үкіметі журналистерді министрлер отырысы өтетін залға кіргізбеу туралы шешім шығарған еді. Енді БАҚ өкілдері бір қабат төменде орналасқан бөлмеде отырады. Олар үкімет отырысынан шыққан министрлерге дәлізде сұрақ қоя алмайды.

Пікірлер