Айтып өткен депутат

773
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының туғанына - 85 жыл.

1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген.

1959 – 1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, 1964 – 1967 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік институтының) аспирантурасын бітірген.

1959 жылы Мәртөк ауданы, Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі болған.

1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында аға оқытушы, 1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, 1989 – 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, 1996 – 1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия кафедрасының меңгерушісі, 1999 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2007 – 2010 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің профессоры, 2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында профессоры, сонымен қатар «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі, 2013 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының профессоры , «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі болды.

Одан бөлек, 100 ден астам ғылым мақалалардың, 5 монографияның авторы. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Пікірлер