IX Baiqonyr кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

2359
Adyrna.kz Telegram

8 қыркүйек күні Алматыда, Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында IX Халықаралық Baiqonyr кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бұл фестиваль жас кинематографтарға кино әлеміне жол ашатын алаң ретінде танымал.

Фестиваль аясында алты күн ішінде көрермендер мен қатысушылар 8 елден қатысқан 34 фильмді тамашалай алды. Биылғы фестивальдің ерекшелігі - алғаш рет толықметражды фильмдерге арналған арнайы байқаудың өтуі. 

Осылайша, байқау бағдарламасы үш бағытты қамтыды: 

  • Халықаралық қысқаметражды көркем фильмдер байқауы,
  • Ұлттық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер байқауы,
  • Халықаралық толықметражды көркем дебюттік фильмдер байқауы.

Кәсіби кино мамандарынан құралған қазылар алқасы байқау бағдарламасының нәтижесін шығарып, әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Ұлттық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер байқауының жеңімпаздары:

  • «Үздік фильм» – «Space», Жарас Нұрдыбай, режиссер Тұрар Тахир.
  • «Үздік деректі фильм» – «64 пункта почему все пошло не так», режиссер Дильназ Абраимова.
  • «Үздік режиссер» – Әнуарбек Хамитов, «Қақпан».
  • «Үздік сценарий» –  Эрик Завизион, «Выборы». 
  • «Үздік оператор» –  Виктор Бондарев, «Понча» (реж. Қайша Рахимова).
  • «Үздік әйел рөлі» – Камалия Кикбай, «Понча» (реж. Қайша Рахимова).
  • «Үздік ер адам рөлі» – Ерлан Мұсатай, «Выборы» (реж. Эрик Завизион). 
  • «Үздік көркем-суретші» – «Однажды в Коргалжино», Ерлан Нұрмұхамбетов, Талғат Тайшанов, Марат Иманберген (реж. Арай Кәрімова). 
  • «Үздік монтаж» – режиссер Айдан Серік, «DYAD». 
  • «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» – «Көрімдік», режиссер Әлімжан Алмұхан.
  • «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» – «Таңдау», режиссер Гүлнұр Қалмұхамбетова.

Сонымен қатар, IX Baiqonyr кинофестивалінде қазақстандық танымал кинооператор Болат Сүлеевтің шәкірттерінің атынан Ұлттық байқаудың «Үздік оператор» номинациясы бойынша жеңімпазға арнайы сыйлықты табыс етті.

Бұдан бөлек «Үздік режиссура» атанған жеңімпазға Almaty Creative - Креативті индустрияларды дамыту орталығы да өз сыйлығын табыстады. 

Халықаралық қысқаметражды көркем фильмдер жеңімпаздары:

  • «Үздік фильм» – «Ромео» (Қырғызстан), режиссер Тыныстан Темиржан, Суюмкан Сулайманова. 
  • «Үздік режиссура» – Евгений Марьян, «Мне надо вам что-то сказать» (Ресей). 
  • «Үздік оператор» – Никита Лучев, «Два дня» (Әзербайжан, реж. Теймур Гамбаров). 
  • «Үздік сценарий» – Амиран Вадачкория, Шота Гуджабидзе «Вазомоторный ринит» (Грузия, реж. Михаил Габаидзе).
  • «Үздік актер» – Сергей Гилев, «30 секунд» (Ресей, реж. Иван Соснин).
  • «Үздік актриса» –  Александра Быстржицкая, «Мне надо вам что-то сказать» (Ресей, реж. Евгений Марьян).
  • «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» –  «Поздний ветер» (Қазақстан), режиссер Шұғыла Сержан. 

Халықаралық толықметражды дебюттар конкурсының жеңімпаздары:

  • «Үздік фильм» – «Свет» (Ресей), режиссер Антон Коломеец. 

Сонымен қатар, кинофестивальдің жабылу салтанатының күтпеген жаңалықтарының бірі  “Қазақстан кинематографистер лигасының” атынан “Ұлттық киноның дамуына қосқан үлесі үшін” арнайы сыйлығын табыстау рәсімі болды. Тәуелсіз қоғамдық бастаманың шешімімен биыл бұл сыйлыққа Baiqonyr кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін көрермендер A’Studio тобының әндері негізінде түсірілген Фархат Шәріповтың «Солдат любви» мюзиклін тамашалады. 

Жалпы алғанда, IX Baiqonyr кинофестивалінде үш қазақстандық фильмдер премьерасы өткенін атап өткіміз келеді. Олар: Кенжебек Шайқақовтың «Айқай» фильмі, Максим Кодаровтың «Ароматное сердце» фильмі, сондай-ақ «Солдат любви» мюзиклі алғаш рет көрсетілді. 

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтті.

Сонымен қатар, Almaty Tourism Bureau ұйымы IX Baiqonyr кинофестивалін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарып, іс-шараны сәтті өткізу үшін қажетті ресурстар мен қолдау көрсетті.

 

Пікірлер