Қазақстан - зайырлы мемлекет

3427
Adyrna.kz Telegram

2019 жылы шілде айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" президенті Какимжан Муратжанұлы Бишманов ұйымдастыруы бойынша Алматы қаласында "Қазақстан - зайырлы мемлекет" атты үлкен көлемде бірнеше лекция өтті. Атап айтқанда, Қалалық студенттер емханасы, №7 қалалық клиникалық аурухана және Профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжі, Авиамед медициналық колледжі, Қазақстан-Ресей медициналық колледжінің мұғалімдері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы баяндалды.
Осы шараға Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің дінтанушы профессорлары мен докторанттары қатысып, белсенділік көрсетті. Іс-шара модераторы К.М.Бишмановтың тарапынан лаңкестік және экстремизм мәселелері бойынша қазіргі таңда тіркеліп отырған негізгі фактылар ұсынылды.
Баяндамашылар өз сөздерінде: Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - Қазақстанның дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталады. Соған байланысты Қазақстан дамуының зайырлылық принципінің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар әкімшілік - құқықтық және қылмыстық – құқықтық шараларды пайдалана отырып оны діни экстремизм мен лаңкестіктің деструктивті идеологиясы тарапынан болатын шабуылдардан қорғауымыз қажет - деген қорытындыға келді.
Біздің мемлекеттің зайырлы табиғаты Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты болып табылады. Осы күндері Алматы қаласының барлық аудандарында да осындай дәрістер өткізіледі. «Дәріс» барысында қатысушылар Қазақстанда Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылатындығы баяндалды.
Іс-шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.
Іс-шара қатысушылары дін адамдарды рухани жақындастыруға  шақыратындығын, оларды жоғалып бара жатқан мәңгілік құндылыққа қайтаратындығын атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан өз Ата заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болып қалыптасуына лекция өткізілуі, азаматтарға жан-жақты құқықтық білім беруде үлкен рөл атқаратыны күмәнсіз.

Пікірлер