Ғабидулла халықтың адамы болған соң биліктен кетті

1506
Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін, орнынан алып тастау дұрыс емес!
Төрелігін айтуымыз керек!
Әкімнің жұмысын сынағандар мендей ақ болсын. Дұрыс емес жерлерін осында прямой эфирге шығарып көрсетіпте отырдым. Тіпті Президенттен орнынан алып тастауды да сұрадым. Ғабидулла мырза ер азаматтар сияние сына сыновья олшін рахмет. Әйтпесе кейбір әкімдер артыма полиция салып сын айтқаным үшін қудалаған кездерде болып еді ғой.
Несін айтайын Ғабекеңде қателіктер болды, қателіксіз пенде болмайды. Ешкім періште емес! Өзгеріс жасаймын деген адамдарда ғана қателік болады. Бірақ адамның ісінен емес, жеке өмірін қазбалап, орнынан алу бұл барып тұрған надандық! Кулибаевтың тоқалы Гогада Лондада бүкіл мұнайдың ақшасына шалқып жүрген жоқ па? Неге соны билік көрмейді? Беліктің сенімі бітіпті, билік Ғабидулладан қорқа бастады. Осылай ашығын айтайық! Себебі Ғабидулла халықтың сүйіктісіне айналды. Қарапайым халық көп қолдап кетті. Бізде халықтың сүйіктісі болуға болмайды, биллікке бас үміткер  деп басын шауып тастайды. Менің ойымша, Ғабекең осымен саясаттан шеттетілді.
Ал Ғабекеңнің қателігі, қасына өңкей орыс тілді пиар сүйгіш жын жыбырды жинап алғандығы. Екінші мүмкіндік берілген соң әрбір қадамын абайлап басу керек еді. Бірақ қазақ мақтауды сүйгіш халық емеспіз пе, қолына папка ұстaғaн соң, ештеңені көрмей қалатын. Ашық айтайын қазақ тілін, қазақ қоғамын, қазақтың жүрегін түсінбейтін Данат Жумин деген бәлесі оның түбіне жетті!
Жау алыстан келмейді, өзіңнің тілің өзіңе жау кейбір кезде!
Миллиардтаған ақшаларды аямай жеп отырған министрлерді шах мат фигурасындай орнын ауыстыра салады! Ал видеоға түскен адамды саясаттан шеттетті. Мейлі ғой, алып тастасын! Бірақ әділдігін айтайық, кезінде Жаңаөзен қанды оқиғасы қай әкімнің тұсында болды? Сол әкім қайда отыр қәзір? Мынау халықты қарызға тығып салынып жатқан ЛРТ қай әкімнің идеясы? Ол қайда отыр қәзір? Айта берсем көп!
Иә мен сын айтамын, иә кейде істелініп жатқан жұмыстардың дұрыстығын айтам. Кейде адам дұрыс түсінбей жатады, "кеше ғана жамандап отыр едің, бүгін мақтап қалыпсың" -деп!
Туралығын айтып үйренейік, азаматтық қоғам құрғымыз келсе! Дұрысы мен бұрыстығы айтылған елде ғана азаматтық қоғам қалыптасып, дамыған ел қатарына қосылады.
Ал бүгінгі жаңалық жүйе әлі өзгеріске дайын емес екенін көрсетті!

Айгүл ОРЫНБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер