"Теңізде" төбелес бастаған жігіттерге қатысты қылмыстық тексеріс басталды

1837
Adyrna.kz Telegram

29 маусым күні "Теңіз" вахталық ауылында тұрмыстық жанжал салдарынан жаппай төбелес шығып, жұмысшылар өз наразылықтарын білдірді. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға қатысы қылмыстық тескеріс басталғанын мәлімдеді.

Төбелесті бастаған азаматтардың аты-жөні мен оларға қатысты ақпараттар анықталған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore" компаниясының қызметкерлері бойжеткенді "ерсі" суретке түсірген азамат үшін шеруге шыққаны туралы хабарлаған едік.

Жұмысшы азаматтар ол суретті жариялаған ер адамның әрекетіне наразылық білдіріп, шу шығарған. Кейінірек дүрбелең нәтижесінде жарақат алғандар бар екені белгілі болды.

Соынмен бірге, вахталық ауылға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары барып, жағдайдың тұрақталғанын жеткізді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер