ЕО санкциясы айтылғанда билік одан "алдын ала хабардар" бола қалды

1587
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан билігі Еуроодақ пен АҚШ Ресеймен байланысы үшін қазақстандық Alem Group және Da group 22 компанияларына қатысты қайталама санкциялар енгізетінін білген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Сауда министрлігі мәлімдеді.

“Аталған екі компанияға қатысты батыс елдерінің жоспары туралы санкция мәселелері бойынша сыртқы серіктестермен диалог кезінде алдын ала білдік”, – делінген хабарламада.

Бұл компаниялар 2023 жылдың мамыр және маусым айларынан бастап импорт пен экспортқа қатыспайды. Ал қазір Elem Group компониясы тарау процесінде.

Сауда министрлігі қазақстандық тараптың Ресеймен саудаға ешқандай санкциялар мен шектеулер қолданбайтынын айта кетті. Сондай-ақ Қазақстан батыс елдерінің санкцияларын айналып өту үшін өз аумағын пайдалануға жол бермеуге тырысады.

Айта кетейік, Ресейдің Украина соғыс ашқанына екі жыл болған уақытта Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл тізімге ЕО мәлімдемесінде айтылғандай, «Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдаған» және «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысқан» Қазақстан компаниялары бар.

АҚШ Қаржы министрлігі Еlem Group АҚШ-та тіркелгенімен, Ресейде жұмыс істейтін STRELOI EKOMMERTS компаниясына тыйым салынған тауарларды жеткізгенін мәлімдеді.

Ал екінші қазақстандық Da Group22 компаниясы Германиядан ELIX ST компаниясының тауарларын сатып алып, ресейлік компанияға сатқан. Аталған тауарлардың соңғы тұтынушылары ресейлік әскери және ресейлік ғарыш және қорғаныс өнімдерін өндірушілер болды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер