2024 жылдың 1 мамырынан бастап елорда әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты түнгі рейстерге шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Күрделі жөндеу 2024 жылдың 1 мамырынан 24 желтоқсанына дейін түнгі уақытта, жергілікті уақыт бойынша 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Астана әуежайында барлық түнгі рейстердің уақыты өзгеретінін айтылды.
"Елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты барлық түнгі рейстердің ұшу/қону уақыты өзгертіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының басынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін учаскелерде жүргізіледі деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.
Астана әуежайынан түнде ұшуды жоспарлаған жолаушылар ұшу кестесіндегі ықтимал өзгерістер туралы білу үшін әуе компанияларына алдын ала хабарласуы керек екені атап өтілді.
"Бүгінгі күні 100-ден астам ұшып-қону рейсі өзгертілді. Жолаушылар әуе компанияларынан рейстердегі өзгерістерді, нақты уақыты пен күнін анықтап білуі керек", - деп хабарлады әуежайдан.
“Адырна” ұлттық порталы