Қазақстанның үш облысындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

924
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

QazAvtoJol хабарлауынша, Қазақстанның үш облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

20 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдың 4 учаскесінде барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км.

(жаңбыр аралас қар, жел, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында - 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км.

(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске

1. "Орал-Тасқала-РФ гр." 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 км.

(жел, боран, шектеулі көрініс).

2. "Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км.

(РФ ауа-райының нашарлауына байланысты).

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер