Үстел теннисі

97

"RÝH MARAFON" спартакиадасы аясында біздің спорттық турнирлер жалғасуда.

Бүгін Қазақстан Үстел теннисі федерациясының базасында үстел теннисінен жарыстар өтті. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, балалар теннисін дамыту, жас таланттарды арттыру және осы спорт түрін танымал ету мақсатында, Алматы қаласының демалыс орталықтарының командалары арасында үстел теннисінен турнир өткізу туралы шешім қабылдады.


Үстел теннисі-баршаға арналған спорт! Бүгін бұл әр жастағы, дағдылары мен әр түрлі дене мүмкіндіктері бар адамдар бірге ойнай алатын ең қолжетімді ойын. Алматы қаласының спорт залдары, соңғы, жаңа спорт жабдықтарымен қамтылған, ал бұл спортта ыңғайлы ойынға әкелетін өте маңызды жай. Сондықтан да жастар осы спорт түрімен айналысуға ұмтылады.
Турнирге Алматы қаласының барлық аула клубтары қатысты.

Балалар жарысқа дайындалғанын, олардың спорттық табандылығы сезіліп, Жеңіс туралы бір ғана ойдан көздерінде от жанғанын айтты. Жарысқа үстел теннисі федерациясының кәсіби төрешілері қатысып, турнирдің барлық қатысушыларына объективті баға берді. Балаларды 2 жас категориясына бөлінді: 1-ші – 11-13 жас және 2-ші – 14-16 жас. Турнир кестесінің қорытындысы бойынша, кіші лигадағы бүгінгі жарыстардың жеңімпаздары келесі демалыс орталықтары болды: 1 орын алған "Апельсин" командасы, 2 орын алған "Веселые нотки" аула клубы және 3 орын алған "Атамұра" командасы. Жоғары лигада "Сұңқар" командасы - 1 орын, "Барыс" аула клубы - 2 орын және 3 орынды "Жас Өрен"командасы.
Жеңімпаздар грамоталар, кубоктар және медальдармен марапатталды.

Ойын барысында ұйымдастырушылар Maxi шайдың салқын сусындарын демеуші атынан таратты. Galanz Bottlers демеушілер ретінде өз өнімдерін де неше рет ұсынды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер