Белгілі актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті

8011
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Бүгін танымал театр актері Асқар Наймантаев дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы, 17-маусым күні, Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етіп, «Бүгін менің туған күнім» атты концерттік жобасы Республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. «Мұқағали атындағы сыйлықтың» құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады.

2008 жылдың 8 желтоқсан күнгі жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашты.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер өз инстаграм парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер