Экс-президенттің кітабы шыққан күні. Көптомдық тарихты әзірлеу барысы талқыланды

2417
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің
ресми сайты
Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық басылымның редакция мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жиын барысында аталған көптомдықты әзірлеу барысы қаралды.

Академиялық басылымның әр томының жетекшілері – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Әбусейітова, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Мемлекеттік кеңесшіні жалпыәлемдік үдерістер аясында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қалай жазылып жатқанынан хабардар етті.

Ерлан Қарин ғылыми іссапар барысында шетел архивтерінен табылған төл тарихымызға қатысты жаңа мұрағат құжаттары және соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулердің қорытындылары осы іргелі ғылыми еңбекке енуге тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші сапалы басылым дайындау барысында ғалымдардың бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарауын, авторлар мен редакторлардың тынымсыз еңбек ету маңызын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер