Мал етін түсіңде көресің, Қазақ!

2202
Adyrna.kz Telegram

Ауылды жерлерден жеткен хабарда, қой еті қымбаттапты. Бір кездері, 900/1000 теңгеге өтпейтін еттің 1кг қазір, 1500 теңге.
Бірінші себеп, Өзбекстанда мал шаруашылығына субсидия беріле бастағаны болса екіншісі, Арапдардың ұсақ малды сатып алып әкетіп жатқандығынан.
Үшінші себеп, Қытай еліне кетіп жатқан ет, жүн,тері экспорты кесірі. 
Ау, ағайындар!
Бұдан еңбек адамы байып жатқан жоқ. Пайдасын көріп жатқан көп делдалдар.
Мемлекет тарапынан әр ауылға, ауданға, мал шығарылымына лимит қоймаса, етті түстеріңде көретін боласыңдар! Мал басы азайған сайын болатын дефецит, бағаны шарықтатып жібереді. Базардағы етті, арап пен қытай қойған бағамен алып жей алмассыңдар. Кеше ғана ауылдағы досыма бір делдал хабарласып, 20 000 қой 45 000 теңгеден жинап бер деп хабарласыпты. Бұл бір ақ адамға түскен тапсырыс.

Екінші мәселе, өз мемлекетіміз тарапынан мал басын көбейтуге, халықтың қаражаты есебінен беріліп жатқан субсидия рахатын, неге қазақстандықтар көрмеуі керек? Субсидияны арап пен қытайларға мал өсіріп беру үшін берілген жоққой?!
Ауыл халқы мал бағып қана күндерін көруде. Алдындағы аз малын сатып әкетсе, олар немен айналысады? Қалаларға барып, жұмыссыздар санын көбейтпейме?
Осындай стратегиялық маңызды шаруалармен үкімет неге айналыспайды? Не масқара мынау?
Ауыл шаруашылығы министірлігі осыны неге қадағаламайды?
Президенттікке үміткерлер неге дабыл көтермейді?

Сіздер мынаны біліңіздер!
Үкіметке мал басы, алынған төл, шабылған шөп, салынған егін, т б с с беріліп отырған статистика жалған!
Олар ауыл,аудан әкімдері беріп отырған, ойдан шығарылған санақ нәтижесіне «тойып» отыр. Сенбесеңдер,тексеріңдер!
Азық-түлік қауыпсіздігі қайда?
Санақ жүргізу керек!
Сатылатын малға лимит-шектеу қойылсын.
Мал бордақылауға субсидия алып отырған шаруашылықтар өз өнімдерін ет базарында емес, дүкендер арқылы, үкімет белгілеген қолжетімді бағаға саудалауы керек! Сонда ғана халықтың аузына жетеді. Рахатын көретін болады.

Тортуыл Шоқан

Пікірлер