Ресей үкіметі бензин экспортына уақытша шектеулерді алып тастады

1759
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей үкіметі автомобиль бензинінің экспортына уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РФ Энергетика министрлігіне сілтеп.

Ресей Федерациясының Үкіметі 21 қыркүйекте енгізілген автомобиль бензинін экспорттауға уақытша тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады. Оған себеп - 17 қарашадан бастап мотор отынының ішкі нарығындағы баға жағдайын тұрақтандыру жөніндегі шаралар.

Өткен екі айда мұнай өңдеу зауытында мұнайды қайта өңдеудің көлемін сақтай отырып, ішкі нарық қамтамасыз етілген. Нәтижесінде, экспортқа тыйым салынған мерзімнен бері автомобиль бензинінің биржалық көтерме бағасы айтарлықтай төмендеді. Қазір автокөлік бензинінің қоры шамамен 2 миллион тоннаны құрайды.

Уақытша тыйым салуды тоқтатудың тағы бір себебі қыс мезгілінің басталуы болып отыр.

Ресейде отынның биржалық құны көктемде көтеріле бастаған. Автомобиль бензинінің экспортына уақыша тыйым салудан соң 6 қазанда РФ Министрлер Кабинеті қосымша шараларды бекітті.

Сондай-ақ, отын өндірушілер үшін экспортқа тосқауыл баж салығы енгізілді. Үкімет АИ-95 бензинін биржада міндетті сату нормативтерін 15 пайызға, ал дизель отынын 12,5 пайызға дейін көтерді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер