Арасында профессор бар. Сопылардың сотталғаны хабарланды

1833
Adyrna.kz Telegram
Сурет: eurasiatoday.ru
Сурет: eurasiatoday.ru

Ташкентте «заңсыз діни ұйым құрды» деген айыппен «Нақшбандийа тариқатына» мүше 22 адам сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Радио Озодликке» сілтеме жасап.

Үкімге сәйкес, негізінен кәсіпкерлерден тұратын зиялылар тобы (оның ішінде бір профессор бар — ред.) «заңсыз діни ұйым құру» арқылы Нақшбандийа идеяларын таратқан.

22 адамға Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 216-бабы («Қоғамдық бірлестіктерді немесе діни ұйымдарды заңсыз ұйымдастыру») бойынша айып тағылды.

«Нақшбандия» – Өзбекстанда тыйым салынбаған сопылық бауырластық. Осы уақытқа дейін бұл тариқат өкілдері билік тарапынан қудаланбады.

Пікірлер