Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгариядан экстрадицияланды

2652
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгарияда ұсталып, елге әкелінді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің жәрдемімен Болгариядан Қазақстан  азаматын экстрадициялады.

Ол террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтың құрамына кірген. Осыған байланысты оған қатысты тергеу басталып, халықаралық іздеу жарияланды.

Мамыр айында күдікті Болгария аумағында ұсталған.  Қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр.

Экстрадиция Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашада жасалған екіжақты шарттың арқасында мүмкін болды.

Оған тағылған айып бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер