Тоқаев «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасына қол қойды

1501
Adyrna.kz Telegram
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасына қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балалардың есепшотына түседі. 1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейінгі барлық қазақстандықтар үшін жинақ шот ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын осы шоттарға аударылады. 

Сондай-ақ, бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Егер азамат осы уақыт ішінде оларды пайдаланбаса, қаражат оның зейнетақы шотына аударылады. Ол жиналған ақшаға білім алуға, баспана сатып алуға құқылы. 

Қаржы министрлігінің есебі бойынша, 18 жылда баланың шотына 3500 доллар жиналады. Бір жылда шотқа орташа сомада 150-160 долларды түседі.

Ұлттық қордан инфрақұрылымдық жобалар неғұрлым көп қаржыландырылса, балаларға арналған қорға соғұрлым аз қаражат беріледі.

Пікірлер