Астана жарықсыз және сусыз қалды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, «Астана-Энергия» 2 ЖЭО-да қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның азаюы орын алып, бас қалада жарық сөнген. Салдарынан су өшіп, көлік кептелісі де пайда болған.
«2023 жылғы 29 қазанда сағат 21:58-де 110 кВ әуе желісінің қалалық сақинасының бойында апаттық өшіру орын алды, себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қалада электр қуаты шамамен жарты сағаттың ішінде қалпына келтірілетінін хабарлады.