ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА ТҰРҒЫН ҮЙДІ СЫЙҒА ТАРТТЫ

1593
Adyrna.kz Telegram

Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Абай мектеп-лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі.


Қуанышқа кенелген Юсупова Назира Жапарқұлқызы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болатын. Назира апай қасиетті рамазан айында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғанын игі іспен өрнектеген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бұл қайырымдылық шарасы "Алтын ұям" жобасы аясында өтіп отыр.
Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр.


Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп- лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын. Осындай қайырымдылық шаралары 20 жылдықты атап өтетін түлектер арасында дәстүрге айналғандай.

Пікірлер