Желіде оқушыны ұрған мұғалімнің видеосы тарады

5103
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Желіде оқушыны ұрған мұғалімнің видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Таяқ жеген оқушының видеосын белгілі рэпер Жан Ахмадиев желідегі парақшасында жариялады.

- Ақмола облысында осындай “по-понятием” жүретін бандит мұғәлімдер бар екен, - деп жазған Ахмадиев.

Белгілі болғандай, оқиға Ақмола облысы Жаңаесіл ауылының мектебінде болған. Мұғалім оқушыны темекі тартқаны үшін ұрған.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желіде желдей ескен бейнежазбаны полиция зерттегенін атап өтті.

«Келеңсіз жағдай шынымен Жаңаесіл ауылындағы орта мектепте болғаны расталды. Мұғалімнің заңсыз әрекеттері дерегі бойынша материал Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Тексеріс жүргізілуде, соның қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Бұл видеоға қатысты желі оқырмандары екіге бөлінді. Бірі мұғалімнің әрекетін жақтаса, енді бірі қарсы дау айтуда.

«Ұрсын өлмейді, айыптыма ұрсын», «Қазіргі балалар өте қиын. Мұғалімдерге Алла сабыр берсін», «Осындай мұғалімдерге заң бар ма?», «Мұғалімдікі дұрыс, жастар құтырған қазір», «Өзіміз мұғалімдердің таяғымен өстік қой», «Мұғалім дұрыс тәрбиелесін!», - деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАН АХМАДИЕВ (@zhan_ahmadiev)

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер